Жаңалықтар

Петропавлда ата-анасы 7 жасар қызын ұрып ауруханаға түсірді

Петропавлда ата-анасы 7 жасар қызын ұрып ауруханаға түсірді
Фото: © El.kz 29.11.2023 10:50 5109

Петропавл қаласында қызымен тіл табыса алмаған ата-ана оны соққыға жыққан, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

7 жасар қыз баланың денесіндегі жарақаттарды мектеп медбикесі көріп, дереу полицияға хабарлаған. Тексеру барысында оның 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі ұрып-соққаны мәлім болды. Олар бұл әрекетін қыздың тіл алмауымен түсіндірген. Қазір соққыға жығылған қыз ауруханада ем алып жатыр.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, дейді СҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға