Жаңалықтар

Петропавлда 9 үй, гараж бен 3 автобус өртеніп кетті

Петропавлда 9 үй, гараж бен 3 автобус өртеніп кетті
Фото: СҚО ТЖД 08.05.2023 00:10 814

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт оқшауланған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін Петропавлдағы 5-Сенная көшесіндегі ашық алаңда қураған қамыс жанып жатқанын хабарлағанбыз. Оқиға орнына қала және облыс әкімдері арнайы барды. Жедел штаб құрылды.

25 мектепте эвакуациялық пункт ашылған.

Қызыл жалыннан 9 үй, аумағы 540 шаршы метрді құрайтын «Сервис Вектор» ЖК гаражы мен 3 автобус өртенген.

ТЖД жедел желісі ашылды. Жергілікті тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға