Жаңалықтар

Петропавл тұрғындары ауыз сусыз қалды

Петропавл тұрғындары ауыз сусыз қалды
Фото: Видеодан кадр 13.04.2024 03:19 412

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев коммуналдық апат салдарынан су беру қызметінің уақытша тоқтап қалғаны үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті қала тұрғындары! Қолайсыздықтар үшін сіздерден кешірім сұраймын. Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» 4 сағат ішінде электр қуатын қалпына келтіруді жоспарлады. Бригадалар 10 сағат бойы жұмыс істеп жатыр. Бірақ, сорғыға қарай бағытталған мұз массалары процесті қиындатуда, табиғи құбылыс өз әсерін тигізіп жатыр. Мұндай ешқашан болған емес. Тағы 4 тірек зақымдалған. Осы жағдайларға байланысты жұмыс түні бойы жалғасады, - деді әкім өзінің бейнеүндеуінде.

Оның сөзінше, СҚЭТК-нің барлық күштері мен құралдары станцияға электр энергиясын беруді тезірек қалпына келтіруге бағытталған.

Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазір электр қуатын аулалар мен әлеуметтік нысандарға жеткізу жүзеге асырылуда. Тұрғындардың су тарату мәселесінде көліктердің локациялары өзгеруі мүмкін, ол бойынша "Қызылжар Су"ЖШС диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады. Су жеткілікті, цистерналар 10-нан 20 тоннаға дейін үлкен. Машиналар да жеткілікті! Ең бастысы, дүрбелеңге түспеңіз! Тек ресми дереккөздерге сеніңіз, - деді қала әкімі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @serik__mukhamediev

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға