Жаңалықтар

Петропавл қаласында тағы бір жол апаты орын алды

Кәмелетке толмаған үш бала зардап шекті
Петропавл қаласында  тағы бір жол апаты орын алды
Фото: polisia.kz 13.11.2022 19:20 1385

13 қараша сағат 14.20 шамасында Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған, деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Төртеуі де түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бригадаларымен қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Медициналық куәландыруға сәйкес ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мас емес.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға