Жаңалықтар

Петропавл мен Павлодар тұрғындары қала атауын өзгерту үшін қол жинасын – Ермұрат Бапи

Петропавл мен Павлодар тұрғындары қала атауын өзгерту үшін қол жинасын – Ермұрат Бапи
Фото: BaigeNews.kz/ Данира Искакова 05.04.2023 13:57 1226

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Павлодар мен Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжіліс депутаты Петропавл мен Павлодар тұрғындары нақты жағдайда мәселе көтеріп, қол жинап, петициямен Үкіметтің алдына мәселе қойса, тиісті нәтижеге жеткізу үшін күш салатынын айтты.

"Заң жүзіне бұл сол жерде тұратын халықтың бастамасы болуы керек. Сырттан килігіп, мен өзгертем деген дүние болмайды. Ол мәдениетке де қайшы келеді. Аталған өңірдің тұрғындарына өзім де айттым, қол жинап әкеліндер, біз оны Парламентте көтеруге дайынбыз деп жатырмын", деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға