Жаңалықтар

«Періштесі қақты»: Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады

«Періштесі қақты»: Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады
Фото: Видеодан кадр 31.03.2023 16:19 603

Бейнематериалдардың бірінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген. Екі жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жолдан өткізбеген, кездейсоқтықтың арқасында қызды екі рет соғып кете жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаяу жүргіншіге мүмкіндік бермегені үшін Hyundai Accent автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі және Volkswagen Touran автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ жүргізушілермен осындай фактілерге жол бермеу туралы алдын алу әңгімесі жүргізілді, - делінген хабарламада.

 

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер жолдарының, автобустар мен трамвай аялдамаларының жанында сергек және мұқият болу туралы ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға