Жаңалықтар

Пеленің аты сөздікке енді

Пеленің аты сөздікке енді
Фото: instagram.com/pele 27.04.2023 16:54 739

Аты аңызға айналған Пеленің есімі португал тілінің бразилиялық сөздігіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Пеле енді үздік сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Яғни «ол теннис әлемінің Пелесі», «баскетбол Пелесі» секілді тіркестерде қолданыла береді.

Пеле 2022 жылғы желтоқсанда өмірден өтті. Аты аңызға айналған футболшының жасы 82-де болатын.

Пеле – үш әлем чемпионатында топ жарған жалғыз футболшы (1958, 1962, 1970). Бразилия құрамасы сапында ол 92 матч өткізіп, 77 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Ал ұзақ өнер көрсеткен клубы – «Сантос».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға