ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық облысының білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов баяндама жасады. Ол министрлікке қоғамнан көптеген өтініш түсіп жатқанына тоқталды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың мәселелерді сапасыз орындап отырғанының көрсеткіші.
«2022 жылғы қарашада министрлік «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. 2 айдың ішінде чатқа 33 мың адамнан 5 мыңға жуық өтініш түскен. Сұрақтардың басым бөлігі сағаттарды бөлуге, аттестация, мұғалімдерді міндетінен тыс қызметке тартуға, олардан шамадан тыс есеп беруді талап етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. қатысты. Осыған байланысты білім бөлімдері мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», – деп айтты Ернұр Дәуенов.
«Педагогті қорғау» чатына 33 мың адамнан өтініш түскен
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек