Жаңалықтар

Педагогтерге арналған конкурс жарияланды

Педагогтерге арналған конкурс жарияланды
Фото: academy.ru 13.03.2023 11:18 616

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерге арналған конкурс жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, қатысушылар бес номинация бойынша сынға түседі. Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.

Конкурсқа арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады. Бірінші кезеңде қатысушылар сабақтың бейнежазбасын конспект жоспарымен қоса ұсынуы керек. Екінші кезеңде кәсіби қызмет туралы портфолио, әдістемелік жүйелер және жұмыс тәжірибесі туралы презентация дайындайды.

Айта кетейік, байқау жыл сайын өткізіледі. Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға