Жаңалықтар

Педагогтерге 56 күн демалыс беріледі

Педагогтерге 56 күн демалыс беріледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.06.2023 14:52 2246

Педагогтерге 56 күн еңбек демалысы беріледі және бір лауазымдық жәрдемақы төленеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Бюджетті жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Гүлайым Тоқпанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Егер педагог жұмыс орнында бір жылдан кем уақыт жұмыс істесе, онда оның демалыс күні тікелей қызмет еткен күнімен байланысты болады. Ондай педагогтердің демалыс күндерінің саны 56 күнтізбелік күнді 12 айға бөлу және нақты жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы есептеледі, - деді басқарма басшысы.

Жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы зиян және ауыр жұмыспен айналысатын, бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге беріледі. Ол алты күнге дейінгі мерзімді құрайды.

Сондай-ақ экологиялық апат аймағында тұратын педагогтерге экологиялық апат кезінде 12, экологиялық дағдарыс кезінде 9, дағдарыс алдындағы экологиялық жағдайда 7 күнтізбелік күн мерзімінде жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс белгіленген.

Ал педагогтерге сауықтыруға арналған жәрдемақы бір лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға