Жаңалықтар

Педагогтер жеке шекарасын белгілей алмайды – мектеп директоры

Педагогтер жеке шекарасын белгілей алмайды – мектеп директоры
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 24.08.2023 12:39 1787

Астана қаласы «EduStream» тіл мектебінің директоры Манат Ргизбаева педагогтерді алдымен әл-ауқатқа мән беруге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Манат Ргизбаева әл-ауқатты ұстаз табысты оқушыны тәрбиелеп шығады деп есептейді.

Біз, ұстаздар, күнделікті жұмысқа келгене өзімізге «Менің бүгінгі көңіл күйім қандай? Мен бақыттымын ба?» деген сұрақ қоюымыз қажет. Себебі педагогтің көңіл күйі әрі қарай оқушының табысты болуымен тікелей байланысты, - деді ол

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар мектеп директоры адамның физиологиялық, психологиялық, эмоционалды әл-ауқаты бір-бірімен тығыз байланысты екенін айтады.

Егер дұрыс ұйықтамай, уақытылы тамақтанбайтын болсаңыз, онда сіздің бұл физикалық әл-ауқатыңыздың төмендеуі психологиялық, эмоционалды әл-ауқатыңыздың да әлсіреуіне алып келеді. Сондықтан біз кішкене болсын физикалық жағдайымызға мән беруіміз тиіс. Түнге дейін жұмыс істемей, ұйқы режимімізге де көңіл бөлейік, - деді Манат Ргизбаева.

Манат Ргизбаеваның айтуынша, мұғалімдер стреске, күйзеліске жақын маман иелерінің бірі. Сондықтан олар жұмыс шекарасын белгілей алмай, үлкен қателік жіберіп жатады.

Бізде педагогтер күн-түн демей басшылардың тапсырмасын орындап жүре береді. Бірақ бұлай жұмыс істеу дұрыс емес. Ұстаздарға жеке шекараны белгілеуді үйрену керек. Қызметтен бөлек, мұғалімдердің хоббиінің, қызығушылығының болуы маңызды. Ол стресті жоюдың бір тәсілі, - деді директор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға