Жаңалықтар

Дәрігер мидың қатерлі ісігінің бастапқы 7 белгісін атады

Дәрігер мидың қатерлі ісігінің бастапқы 7 белгісін атады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.08.2023 12:02 969

Еуропалық медициналық орталықтың Онкология институтының онколог-дәрігері Станислав Борзяница ми қатерлі ісігінің алдын алу шаралы туралы айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ми ісігі: белгілері

Дәрігердің сөзіне қарағанда, мидың қатерлі ісігі көбіне онкологияға қатысы жоқ басқа себептермен тексерілгенде анықталады. Себебі бастапқы кезеңде симптомдар болмауы мүмкін, бірақ мынадай белгілер болса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаған жөн:

бас ауруы және әлсіздік;

аяқтағы құрысу және /немесе ұйқышылдық;

тепе-теңдікті сақтаудағы қиындықтар;

көру және сөйлеу қабілетінің бұзылуы;

есте сақтауға қатысты туындайтын қиындықтар.

Қауіпті ауруды диагностикалау әдістеріне мыналар жатады:

контрастты компьютерлік томография;

магнитті-резонансты бейнелеу (МРТ);

ісіктің үлгісін алу (биопсия).

Ми ісігінің алдын алу

Дәрігер ми ісігінің нақты қауіп факторлары жоқ екенін түсіндірді. Жалғыз белгілісі – иондаушы сәулелену. Ол рентген аппараттарынан және компьютерлік томографтардан берілуі мүмкін.

Онколог жаман әдеттерден бас тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулығыңызға мұқият болуға кеңес берді.

Оның айтуынша, бұл аурудан 100 пайыз сақтану мүмкін емес, бірақ егер сіз денсаулығыңызды бақылап, үнемі тексеріліп жүрсеңіз, ауруды ерте анықтауға болады және мұндай ісіктің емі бар.

Ми қатерлі ісігін емдеу

Ми қатерлі ісіктерінің жартысынан көбі глиобластома болып табылады. Ауру бірнеше айда жылдам дамуы мүмкін. Әдетте, емделуге қарамастан, науқастардың өмір сүру ұзақтығы тек 15 айды құрайды.

Бұған глиобластоманың диффузды таралуы себеп, ал оны толығымен жою мүмкін емес. Сонымен қатар химиотерапия үшін 20 жыл бұрын тіркелген препарат қолданылады. Әзірге ғалымдар жаңадан ештеңе ойлап тапқан жоқ.

Сөйте тұра қазіргі таңда мамандар ми ісіктерінің иммунотерапиясын сынақтан өткізіп жатыр. Бұл әдіс қатерлі ісікке қарсы вакцина деп аталады, өйткені оның нәтижесінде дененің өзі ісік клеткаларын жоя бастайды екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға