Жаңалықтар

Павлодарлық полицейлерге жаңа автокөліктердің кілттері табысталды

Павлодарлық полицейлерге жаңа автокөліктердің кілттері табысталды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі 24.11.2023 05:15 465

Павлодарлық полицейлер жаңа автокөліктердің кілттерін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы әкімдігінің мәліметінше, Полиция департаментінің қызметкерлері 215 жаңа автокөлік алды. Автокөліктер белгіленген стандарттарға сай, барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған және құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бұзғандарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Кілттерді табыстау рәсімі «Құлагер» ипподромында өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «полиция қызметкерлері, ең алдымен, өз еліне, өз халқына адал қызмет етуі керек» деп бірнеше мәрте атап өткен болатын. Өңірде облыстың құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдай жасалуда. Жаңа көліктердің көпшілігі алғаш рет ауылдық елді мекендерге жіберілетіні көңіл қуантады.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі тұрғындардың сенімі болып табылады, сондықтан, сіздердің адал еңбектеріңіз бен қызметтеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс, - деді Асайын Байханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға