Жаңалықтар

Павлодарлық мамандар шыбын-шіркеймен күрес шараларын жүргізуге дайын

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Павлодарлық мамандар шыбын-шіркеймен күрес шараларын жүргізуге дайын
Фото: @baspasozpvl 18.03.2023 19:55 818

Павлодар облысында шыбын-шіркейлермен күрес барысында 71.5 мың гектар жайылма алқабы өңделетін болады. Бұл жұмыстарға 102 тонна биологиялық препарат қажет, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазіргі уақытта жалпы облысқа қажетті 60 тонна препарат бар және бүгін мердігерлік ұйыммен тағы 20 тонна жеткізілді. Бүгінгі препараттың жеткізілуі мен қабылдап алуын өңір басшысы Асайын Байханов өзі тексерді. Қалған көлем ағымдағы жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей күтілуде. Сондай-ақ, еурокубтар сатып алынды және әуеден өңдеу үшін қажетті техникалар дайындалды.

Қар толығымен ерігеннен кейін ғылыми сүйемелдеу тобы шыбын-шіркейлердің дернәсілдерінің фенологиялық дамуын бақылауды бастайды. Шыбын-шіркейлермен күрес жұмыстары өте ерекше бақылауда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға