Жаңалықтар

Павлодарға жаңа автобустар жеткізілді

Бұл шаралар жолаушылар тасымалындағы көпжылдық проблемаларды шешуге көмектеседі
Павлодарға жаңа автобустар жеткізілді
Фото: @pavlodarbus 29.01.2023 10:55 1080

Павлодарда №1 автобус паркі кезекті 10 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісінде жазды. 

«Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы екендігін атап өткім келеді. Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет, – дейді облыс әкімі.

Жаңа автобустарды 5 ақпанға қарай желіге шығару жоспарлануда. Қоғамдық көліктерді көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайтын болады.

Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы жоғары тағы 40 автобус қою міндеті қойылған. Оның 20-сы Павлодар және 20-сы Екібастұз қаласына арналған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға