Жаңалықтар

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Фото: inbusiness.kz 25.01.2023 12:09 920

Кеше Павлодарда үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен 19 жастағы қыз қайта оралмаған. Оны іздеуге полицейлер, еріктілер және қала тұрғындары жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«VITA» іздеу жасағы еріктілерінің мәліметінше, Инара Ахмет 19 жаста. Ол 24 қаңтар күні сағат 10.00-де Сұрағанов көшесі, 11 үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның бойы 140 см, дене бітімі орташа, қоңыр көзді, шашы қара қоңыр.


Үстінде сары түсті қысқа күртеше, қою көк түсті шалбар, ақ тымақ және қара етік киген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға