Жаңалықтар

Павлодарда жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Павлодарда жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Фото: El.kz/Нұркен Алишев 17.09.2023 04:02 463

Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жастағы қыз құлап, алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық жедел медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз Максим Горький көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатынан құлаған.

Оқиға бойынша шақырту 15-қыркүйек күні сағат 21:30-да түскен.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен.

Мамандар 2009 жыылы туған қыздың өлімін тіркеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға