Жаңалықтар

Павлодардағы электр станциясында бір жұмысшы қаза тапты

Жазатайым оқиғаға қатысты тергеу басталды
Павлодардағы электр станциясында бір жұмысшы қаза тапты
Фото: 24.kz 01.07.2022 18:41 857

Ақсу электр станциясы қазандық-турбиналық цехының қазандық бөлімшесінде болған қайғыла оқудан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«ERG Service» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда сағат 22.03-те аталмыш серіктестіктің қызметкері көз жұмған.

«Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. «ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.
Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 30 маусымда 103 желісі бойынша Ақсу қаласы ЕЭК АҚ станциясы мекенжайы бойынша шақыру түскенін хабарлады.

«Жедел жәрдем тоғыз минутта жетті. Зардап шеккен ер адам - 1985 жылы туған машинист-қараушы көз жұмды», - дейді басқармада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға