Жаңалықтар

Павлодарда түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат өз сүйіктісіне ұсыныс жасады

Павлодарда түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат өз сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ 29.09.2023 10:49 733

Павлодарда сотталған азамат өз сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ ҚАЖК №46 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінде ашық есік күні өтті.

Біз алдын ала сотталғандарға туысқандары мекемеге келіп, мұндағы жағдаймен танысуға болатынын ескерттік. Аталмыш шара азаматтық тұлғалардың экскурсиясы үшін ғана емес, барлығынан бұрын сотталушылардың құқықтарының сақталуын көрсету үшін өткізіледі, – деді мекеме басшысының орынбасары Марат Галиев.

Ашық есік күніне 50-ден астам азаматтық тұлға келді. Олар мекеменің жатақханасын, спорт залын және асханасын көріп, абақтының ас мәзірімен де танысты. Мекеме қызметкерлері қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Дәстүр бойынша сотталушылар келушілермен кездеседі. Ал сотталған Дмитрий үшін бұл күн ерекше болды. Ол өзін бостандықта күтіп жүрген сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Мен бұл күнді асыға күттім. Түні бойы ұйықтамай, толқып шықтым. Ал егер ол “жоқ” деп айтса не болады деп қорықтым. Мекеменің өнеркәсіптік аймағында қарапайым металлдан сақина жасадым. Алтыннан болмаса да тырыстым. Ал бостандыққа шыққан соң алтын әперемін. Анам гүл алып келді. Барлығы ойдағыдай болды. Қыздар мұндайды армандамайтынын білемін, бірақ тағдырым осындай болды, – дейді сотталушы.

Дмитрий ұсыныс жасаған келіншек оған “иә” деп жауап берді.

Енді менде ұмытылыс күн пайда болды. Мен әйелімнің жанында болу үшін енді ешқашан заң бұзбаймын. Мен мұндағы тәртіпті де сақтап жүрмін. Енді үйге барғым келеді. Бостандыққа ұмтылуға осындай жақсы себеп бар, – дейді Дмитрий.

Ер адам өз ойы туралы абақты қызметкерлеріне айтқан. Әрине оның қоғамға сіңір кетуіне туысқандарының рөлі зор. Дмитрий өмірін жаңа, таза парақшадан бастайды деген сенім мол, – дейді мекеме қызметкерлері.

Ер адам бұрын сотталмаған. Анна өзінің түрмедегі ағасына кездесуге келген кезде екеуі танысқан. Дмитрий сөмкесін көтерісіп, көмектескен. Сөйтіп сөйлесіп кеткен. Аннаның ағасы жарты жыл бұрын бостандыққа шыққан. Анна мен Дмитрий бір бір-біріне хат жазып, жас жігіт оған таксафон арқылы хабарласып тұрған.

Нәтижесінде екеуінің арасында сезім пайда болған, енді абақтыдағы ресми рәсімнен соң Анна заңды әйелі ретінде кездесуге келе алады. Оның жазасын өтеуіне бір жарым жыл қалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға