Жаңалықтар

Павлодарда студентті соққыға жыққан оқытушының үстінен іс қозғалды

Павлодарда студентті соққыға жыққан оқытушының үстінен іс қозғалды
Фото: © Polisia.kz 02.10.2023 10:34 703

Павлодар полициясы студентті сабақ үстінде соққыға жыққан колледж оқытушысының үстінен іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін ҚР Білім министрлігі ұстаздың студентке қол көтергені үшін жұмыстан шығарылғанын хабарлаған.

29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен.

Ведомство бұл оқиғаға колледж басшысы да жауап беретінін мәлімдеді. Барлық іс материалдары сотқа жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға