Жаңалықтар

Павлодарда «Шаңырақ» байқауының аймақтық жеңімпаздары анықталды

Павлодарда «Шаңырақ» байқауының аймақтық жеңімпаздары анықталды
15.10.2018 11:39 1636

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің медиа қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен өткен журналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Салтанатты іс-шара Достық үйінің мәжіліс залыда өтті.

«Шаңырақ» байқауының құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу, мәдениаралық диалогты дамытатын бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу болып табылады.

Облыстық ҚХА төрағасның орынбасары С. Жетпісбаев облыстық Қазақстан халқы ассамбеясының атқарған жұмыстарына тоқталып, БАҚ өкілдеріне Ассамблея іс-шараларына белсенділікпен қатысып жүргендері үшін алғысын білдірді. 

Журналистика ардагерлері Мұхит Омаров пен Сергей Горбунов жиынға қатысқан журналистика майталмандарына игі тілектерін білдіре отыра, қазіргі таңда облыстық этномәдени бірлестіктерінде жарияланымдар мен телебағдарламалардың кейіпкері болуға лайықты көптеген адамдардың бар екенін айтып өтті.

Іс-шара соңында сайыстың барлық лауреаттары алғыс хаттармен және бағылы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға