Жаңалықтар

Павлодарда саяжайда өрт шықты

Павлодарда саяжайда өрт шықты
Фото: Павлодар облыстық ТЖД 01.05.2023 21:08 553

Павлодардағы «Яблонька» бау-бақшасындағы жалын саяжайлар мен құрғақ шөпке өтіп, 6 гектар жерді қамтыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, «Яблонька» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:19-да түскен.

Өртті жою үшін шақыру орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 техника жіберілді. Шақыру орнына жеткенде, шамамен 6 гектар аумақтағы саяжай мен құрғақ шөптің өртенгені анықталды, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға