Жаңалықтар

Павлодарда «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері кәсіпкерден ақша бопсалаған

Павлодарда «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері кәсіпкерден ақша бопсалаған
Фото: ҚР ҰҚК 03.07.2023 20:00 697

Павлодарда «НК «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері кәсіпкерден ақша боспалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҰҚК мәліметінше, олар ірі көлемде ақша талап еткен.

2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды, - делінген мәліметте.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға