Жаңалықтар

Павлодарда опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр

Павлодарда опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 11.01.2024 01:37 519

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет. Ауыр техника асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеуде.

Барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда және тәулік бойы жүргізілу үстінде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға