Жаңалықтар

Павлодарда мұз сарайы салынады

Павлодарда мұз сарайы салынады
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 02.04.2023 11:18 1632

Павлодар облысында мұз сарайы салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс орталығында хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру спортымен айналысуға арналған 20 000 шаршы метрлік мұз сарайы жақын арада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асырудың арқасында пайда болуы мүмкін. Екібастұзда да 7500 шаршы метр мұз сарайын салу үшін осындай жобаны іске асыру қарастырылуда.

Өңір басшысы Асайын Байханов «Medeo invest» ЖШС-ің өкілі Сергей Цыбенкомен кездесті. Кездесуде тараптар болашақ мұз ареналарының тұжырымдамасын және осы жобаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды талқылады.

Асайын Байханов болашақ құрылыс үшін жер учаскелерін анықтау, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, МЖӘ жобаларының тетіктерін пысықтауды және олардың шешімін 15 сәуірге дейін ұсынуды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға