Жаңалықтар

Павлодарда мүгедек баланы ұрған мұғалім анықталды

Павлодарда мүгедек баланы ұрған мұғалім анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.02.2024 09:52 954

Павлодардағы оңалту орталығында мұғалім мүгедек баланы ұрып-соққан видеосы тарады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтағы мұғалім сабақ беру үстінде мүмкіндігі шектеулі балаға күш көрсеткен. Оның ерсі әрекеті ғимараттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбір көрген баланың ата-анасы бұл істі жәй қалдырмайтынын айтады.

Бұл мұғалім жұмыстан шығарылды, біз оның осы ісі үшін қызметтен қуылып қана қоймай, жаза арқалағанын қалаймыз, - дейді отбасы.

Туыстары бұл орталықтың ақылы екенін айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға