Жаңалықтар

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты
Фото: Видеодан кадр 12.10.2023 09:47 576

Павлодардағы Мұхтар Әуезов орта мектебінің асханасындағы тамақтан құрт шықты. Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда асхана тексеріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін мектеп асханасындағы ботқадан жеміс құрты табылған. Әкімшілік дереу азық-түлікті толық тексерді. Дәл құрт табылған күні асханада алма сатылған, - делінген ведомство таратқан мәліметте.

Білім басқармасындағылар директорға сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хат жолданды. Бүгін осы факт бойынша тексеріс жүргізеді. Мектеп директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, - дейді қалалық білім басқармасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға