Жаңалықтар

Павлодарда мас тұрғын жүк көлігін ұрлап, жол апатын жасады

Павлодарда мас тұрғын жүк көлігін ұрлап, жол апатын жасады
Фото: Видеодан кадр 04.01.2024 04:40 542

Павлодарда ішімдік ішкен жас жігіт үй ауласында тұрған «Газель» көлігін айдап кеткен. Алайда жүк көлігін тізгіндеген ол алдымен көшедегі жол белгісіне, кейін автобус аялдамасы мен дүкенге соғылған, деп хабарлайды El.kz. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізушіні жақын маңдағы полиция қызметкерлері ұстады және оның жүргізуші куәлігі жоқ екендігі анықталды. «Автокөліктің салонында 17 жастағы кәмелетке толмаған бала болған. Жүргізуші куәландырылып, Павлодар қаласының УҚҰБ-не (уақытша қамауда ұстау бекеті) орналастырылды. Мас күйінде және жүргізуші куәлігі жоқ ол автокөлікті жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды» деп хабарлады полициядан.

Оқи отырыңыз:

Көлік ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүк көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға