Жаңалықтар

Павлодарда көршісін абайсызда мерт еткен ер адам бір жарым жылға сотталды

Павлодарда көршісін абайсызда мерт еткен ер адам бір жарым жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.12.2023 14:39 879

Павлодарда көршісін абайсызда мерт қылған ер адамға сот үкім шығарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға барысы былай болған, көрші әйел одан полиция шақыруын өтінген, себебі бірге тұратын ер адамы оны ұрып, үйге кіргізбей қойыпты.

Тәртіп сақшыларына хабарласқан күдікті далаға шыққанда көршісін мас күйінде кездестірген. Оның есін жидыру үшін бетінен соққан, сосын үйге кіргізген. Алайда көтере алмай, ер адам құлап басымен асфальтқа соғылған. Үш күннен соң жапа шегуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмған, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс «Абайсыздықпен өлтіру» бабы бойынша қаралған. Сот үкімімен абайсызда кісі өлтірген павлодарлықтың бір жарым жылға бостандығын шектеп, туысқандарына шамамен 2 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға