Жаңалықтар

Павлодарда этномәдени бірлестіктердің жазғы фестивалі аяқталды

Павлодарда этномәдени бірлестіктердің жазғы фестивалі аяқталды
13.09.2018 11:51 2780

Павлодарда дәстүрлі «Бір шаңырақ астында» атты жазғы этникалық мәдениеттер фестивалі өз мәресіне жетті.

Қала күніне орайластырылған ауқымды шараның жабылу салтанаты қалалық мәдени-демалыс саябағында өтті. 

Үш айдың ішінде 24 этномәдени бірлестіктер жамағатты өздерінің мәдениетімен таныстырды. Концерт барысында өздерінің салт-дәстүрлері, тілі, ойындары, ас мәдениетімен кеңінен таныстырды. Фестиваль аясында Қымызмұрындық, Сабантой, Қауын мейрамдары қала тұрғындары мен меймандарының көңілінен шықты.

Қазақстан халқы ассамблеясының Павлодар облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев этномәдени бірлестіктер белсенділігінің өсуіне, павлодарлықтардың фестиваль жұмысына қызығушылығының артуына баса назар аударды.

«Баршаңызды бүгінгі мереке күнімен, фестиваліміздің аяқталуы күнімн құттықтаймын. Жазғы фестивалімізді өткізу жалғаса берсін, біздің шығармашылық ұжымдарымыздың өнері дамып, Қазақстан гүлдене берсін, достығымыз бен бірлігіміз жараса берсін»,- деп өз сөзін қорытты.

Биыл фестивалдің жұмысына үлес қосқаны үшін этномәдени бірлестіктердің басшылары алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға