Жаңалықтар

Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 12 млн теңгенің затын ұрлап кеткен

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып,  12 млн теңгенің затын ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz 27.12.2022 10:11 894

Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефонды жымқырған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Павлодар қаласында 22 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефонды және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн теңгені құрады.

Полиция осы факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға