Жаңалықтар

Павлодарда «Бижан» мешіті күрделі жөндеуден өті

Павлодарда «Бижан» мешіті күрделі жөндеуден өті
Фото: lifepvl.kz 12.02.2023 16:30 1331

Павлодар қаласындағы тарихи көне мешіттердің бірі – Бижан мешіті күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов және  қаланың қадірлі ата-апалары, ардагерлер, мешіт жамағаты  қатысты.  Шара аталмыш мешіттің бас имамы Әбдісамат Айтқазыұлының қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. 

Күрделі жөндеуден өтіп, ұлғайтылған  Бижан  мешіті 200-ге жуық жамағат бір мезгілде намаз оқи алатын мүмкіндікпен қамтылған. Имамдар бөлмесі, әйелдер намаз оқитын және дәріс алатын, қызметшілер бөлмелері, сонымен қатар жамағаттың сырт киімдерін шешіп, арнайы дәрет алып, жуынатын  орындар қарастырылған, – дейді баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы.

Айта кетерлігі, биыл жазда аталмыш ғибадатхананың ашылғанына 100 жыл толуына орай бұл айтулы дата облыс, республика көлемінде тиісті деңгейде аталып өтуіне дайындық басталған. Ол үшін мешіттің ішін әлі де безендіру, жамағат арасына әртүрлі көптеген діни-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Бижан – мешіті алғаш осы өңірдің Бижан Шоқыбасұлы есімді сауатты кәсіпкер мецанеттің ұйымдастыруымен 1923 жылы қарағай  ағашымен салынып, 1991 жылға дейін кеңес үкіметі дәуірінде де үзіліссіз діни қызмет атқарып келген жалғыз мешіт. Мешіттің негізін қалаушы Бижан Шоқыбасұлы 1931 жылы  тұтқындалып, Ресейдің Қарасуық қаласында түрмеде қайтыс болған. Көп уақытқа дейін  Бижан есіміне тыйым  салынған, бірақ оның мейірімді есімі Бижан мешіті  деген атаумен халық жадында мәңгі сақталды.  

Ал 2005 жылы Павлодар қаласының тумасы, еліміздің жанашыры, патриоты болған Рахат Маруанұлы  өз қаражатының күшімен ескі  Бижан  мешітін қайта тұрғызып, жаңғыртып, елдің алғысына бөленген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға