Жаңалықтар

Павлодарда білім алып жүрген нигериялық студенттер өз елі туралы әңгімеледі

Павлодарда білім алып жүрген нигериялық студенттер өз елі туралы әңгімеледі
Фото: facebook.com/ToraighyrovUniversity 04.11.2023 11:46 650

Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров университетінде Nigerian day өтті. Бүгінгі таңда аталған ЖОО-да Нигериядан 11 студент оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Нигериядан келген алғашқы студент 2016 жылы оқуға түскен болатын. Шетелдік студенттер Нигериядағы табиғат, білім және дін, сонымен қатар дәстүрлер мен ұлттық тағамдар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, балалар музыкалық нөмірлер дайындады.

Менің ойымша, мұндай белсенділік халықаралық мәртебеге ұмтылатын әрбір ЖОО-ға қажет. Осылайша, шетелдік жастардың өздері үшін ерекше жағдайда әлеуметтенуі оңайырақ. Сонымен қатар, бұл олардың курстастары үшін өздеріне белгісіз ел туралы көбірек білуге үлкен мүмкіндік, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Айта кетейік, ToU-да Нигерия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Украина, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Пәкістан, Ирак, Ауғанстаннан 315 шетелдік студент оқиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға