Жаңалықтар

Павлодарда бәйге жарыстары өтті

Павлодарда бәйге жарыстары өтті
Фото: Павлодар облысы әкімдігі 27.08.2023 05:34 742

Павлодардағы «Құлагер» ипподромында Қазақстан Республикасының бәйге жарыстарының 6-іріктеу туры өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирге еліміздің әр өңірінен келген 46-ға жуық тұлпар қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге» және «Аламан бәйге» бойынша бақ сынасты.

Турнирдің жеңімпаздары болып Алматы қаласының, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарының спортшылары атанды.

Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Павлодар Ертіс өңірінде осындай жарыстарды өткізудің негізгі мақсаты - ұлттық спорт түрлерін насихаттау, дәстүрлі ат жарыстарының деңгейін арттыру, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жеңімпаздарды құттықтаймын және жаңа жетістіктерге жете берулерін тілеймін, - деді аймақ басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға