Жаңалықтар

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балалардың басынан кастрөлмен ұрған

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балалардың басынан кастрөлмен ұрған
Фото: pixabay.com 13.06.2024 16:18 484

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерді деп айыпталып, жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде №16 балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасы мекемеге шағымданып, жазба жариялады.
Олардың сөзінше, 3-4 маусымда түсірілген видеодан тәрбиеленушілердің бірі балалардың басынан кәстрөлмен ұрған. Бұл топқа бір жастан екі жасқа дейінгі, әлі тілі шықпаған балалар баратын болып шықты.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері тәрбиеші кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Қалалық білім бөлімінің мамандары да қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға