Жаңалықтар

Павлодарда айтыс өтеді

Павлодарда айтыс өтеді
03.09.2023 23:01 247

Жыр додасы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылады. Бұл туралы айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының Павлодар облыстық филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Ақынның сыйлығынан – сөзі қымбат» атты ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына 12 жас ақын қатысады, – делінген хабарламада.

9 қыркүйек күні өтетін жыр додасына Бексұлтан Қайдар, Гүлшекер Батай, Оразбек Саяхат, Нұрқанат Қайрат, Бөкен Жігер, Ерлан Аманқожа, Нұрбек Бәкір, Қайролла Хафиз, Қазбек Ибархим, Алпысбай Хонж, Нұрсұлтан Рымбай және Мизан Жұмалі қатысады.

Айтыс алдағы сенбі күні сағат 11:00-де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға