Жаңалықтар

Павлодарда әрбір үшінші отбасы ЭКҰ-ға жүгінеді

Былтыр 90-ға жуық отбасы ата-ана бақытына кенелді
Павлодарда әрбір үшінші отбасы ЭКҰ-ға жүгінеді
Фото: inbusiness.kz 08.03.2023 04:11 676

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, өткен жылы аймақ бойынша 281 жұп экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасынан өткен, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

ЭКҰ іске асыру кезінде ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлінді. «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілетін квотаны аудандардан келген 75 ерлі-зайыпты алған. Облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына 103 квота берілсе, Ақсуға 16, Екібастұзда 87 жұп квотаға ие болған.

Барлық ерлі-зайыптылар бағдарламаны аяқтады.Оның ішінде оң нәтижеге қол жеткізіп, ата-ана бақытына қол жеткізген  86 жұп бар. Олардың арасынан екі отбасында егіздер дүниеге келді. Өкінішке қарай, 161 жұп теріс нәтиже алса, қалған 34-і күту кезеңінде, - делінген басқарма берген ақпаратта.

2021 жылы Алматы және Астана медициналық орталықтарына ЭКҰ тегін жүргізу үшін өңірге 290 квота бөлінген. Олардың ішінде ерлі-зайыптылардың 38,6% - ы оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Оның арасында үш егіздер мен екі үшем дүниеге келді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЭКҰ бағдарламасының 11 жылында Павлодар облысына 335 квота бөлген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға