Жаңалықтар

Павлодарда 52 млн теңгеге алдаған екі алаяқтық фактісі анықталды

Павлодарда 52 млн теңгеге алдаған екі алаяқтық фактісі анықталды
Фото: ІІМ 01.02.2023 12:01 1006

Алаяқ Успен ауданының тұрғынына күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп 28 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  ІІМ-ге сілтеме жасап.

Ал кейіннен іскер павлодарлық РФ Барнаул қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінің бидайын иемденіп алған. Жалпы шығын 24 млн теңгеден асты.

Жедел уәкілдер Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Облыста осыған ұқсас жеті эпизод тіркелді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам УҰИ-ға қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға