Жаңалықтар

Павлодарда 17 мен 12 жастағы қыздарды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

Павлодарда 17 мен 12 жастағы қыздарды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 30.12.2023 14:15 1262

31 жастағы ер адам 17 жастағы және 12 жасар қыздарды зорлғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы бұл қылмысты 2023 жылғы қаңтарында жасағанымен, кінәсін мойындамай, барлығы өзара келісіммен болғанын айтқан еді.

Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Прокурор айыпталушыны 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот сараптамалар мен куәлардың айғақтарын қоса алғанда, кінәні растайтын жеткілікті дәлелдер жиналғанын түсіндірді.

Ер адам 31 жастағы ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамдарды зорлау) және 121-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамдарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау) бойынша кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға