Жаңалықтар

Павлодарда 15 оқушы ауруханаға түсті

Полиция қызметкерлері мен Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Павлодарда 15 оқушы ауруханаға түсті
23.09.2022 14:20 721
Павлодардағы орта мектепте белгісіз біреу мектептің екінші қабатына бұрыш баллонын шашқан. Салдарынан 15 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz.

Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Тілекжан Галямов мектептен 672 оқушы эвакуацияланғанын мәлімдеді.

"15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр", - деді Тілекжан Галямов

Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға