Жаңалықтар

Павлодар театрында Шәмші қойылымы сахналанды

Павлодар театрында Шәмші қойылымы сахналанды
Фото: Ж.Аймауытов театры 29.05.2024 22:45 471

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы атақты сазгердің өміріне қатысты «Шәмші» спектакль-концертінің премьерасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Композитор Шәмші Қалдаяқов 300-ден астам әннің авторы, ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, тірісінде «Қазақ вальсінің королі» атанғаны белгілі.

Бұл «Шәмші» спектакль-концерті  - сазгердің халық аузынан түспейтін, классикаға айналған шығармалары қалай дүниеге келді деген сұраққа жауап берді. Туындыда ән әлемінің майталманы, вальс королі, ұлы композитор  Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнері, жетістігі мен жеңілісі, махаббаты мен ғадауаты сипатталды. 

Қойылым автоы Нұркен Тұрлыбек пен қоюшы-режиссер Әділет Ақанов өз деңгейінде туындыны көрерменге ұсынды. 
Басты рөлдерде Шәмшіні Бейбіт Шәнім / Кенжеғазы Қарымсақов, Сағыныш - Райхан Жұмақанова / Дильназ Қиятова,
алаяқ - Кенжеғазы Қарымсақов / Бейбіт Шәнім, Анасы – Гүлжихан Хамитова, Изольданы Айзана Тасболатова сынды әртістер сомдады.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға