Жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі су басу қаупі төнген ауылда болды

Павлодар облысының әкімі су басу қаупі төнген ауылда болды
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 04.04.2024 04:41 431

Павлодар облысының Ертіс ауданындағы Ұзынсу ауылын су басу қаупі туындауына байланысты 3 сәуір күні таңертең облыстық жедел штаб «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» республикалық маңызы бар автокөлік жолында қозғалысты жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Даладан келген еріген су жолдың қазылған учаскелері арқылы ағызылды. Сол жерде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов болды. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша судың деңгейі 15-20 см-ге төмендеді.

Сағат 17:30-да ауылға су екінші жағынан келіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта 6 тұрғын үйді су басу қаупі туындаған. Тұрғындар үйлерінен өздері шығып қазір туыстарының үйлеріне қоныстанды. 

Қазір сол жерде Ертіс ауданының әкімі, ТЖД бастығының орынбасары және аудандық ТЖБ басшысы бар. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың ресурстары жіберілді. ТЖД күштері мен құралдары аттанды. 

Тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті жоқ. Алайда, жергілікті мектепте эвакуациялық пункт ұйымдастырылғаны туралы тұрғындарға хабардар етілді. Мамандар жағдайды бағалау үшін аулаларды аралап жүр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға