Жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі Екібастұз кеншілерін Шахтер күнімен құттықтады

Павлодар облысының әкімі Екібастұз кеншілерін Шахтер күнімен құттықтады
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 27.08.2023 22:04 653

Екібастұзда көмір өндірушілердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Облыс әкімі Асайын Байханов кеншілерді жылы лебізімен құттықтады.

 Екібастұздың дамуы көмір өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты. Кеншілер мен шахтерлардың еңбегі біздің аймағымыз үшін өте маңызды. Және бұл жұмыс барынша төзімділікті, батылдық пен адалдықты қажет етеді. Бүгінде кеншілер астанасында осынау даңқты кәсіптің бірнеше ұрпағы ауысты. Біз Екібастұз кеншілерінің еңбектегі ерліктерін әрқашан есімізде сақтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, бейбітшілік, жанұяларыңызға амандық және еңбекте табыс тілеймін, - деді әкім.

Үздік разрез қызметкерлеріне төсбелгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар табыс етілді.

Жергілікті әртістер, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары кеншілердің құрметіне өнер көрсетті.

Дәстүр бойынша Кеншілер күні тамыздың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ресми түрде кәсіби мереке 1947 жылдың тамызында бекітілді. Сол кезде «Құрметті шахтер» атағы үйлестірілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға