Жаңалықтар

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 10.11.2023 12:48 477

Павлодар облысында бір күнде екі ЖКО тіркелді. Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 қараша күні сағат 02:40-та Ақсу қаласы Абай-Молодежная көшелерінің қиылысында Renault Symbol көлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, онда жолаушы қайтыс болды, - делінген мәліметте.

Сол күні сағат 06:15-те Ақтоғай-Харьковавтожолында ВАЗ-21134 автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік кюветке аударылған. Жол апатынан жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды, – делінген Павлодар облысының Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Айта кетейік, осы жылы облыс жолдарында 409 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 67 адам қаза тауып, 506 адам жарақат алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға