Жаңалықтар

Павлодар облысында қараусыз қалған мал жол апатына себеп болды

Павлодар облысында қараусыз қалған мал жол апатына себеп болды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 18.10.2023 08:28 486

Павлодар облысында қараусыз қалған мал ЖКО-ға себеп болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қазанда сағат 18:56 шамасында Атамекен – Курчатов автожолының бойындағы 57-шақырымда қараусыз қалған ірі қара мал иесіз жүрген. Табыннан қалып қойған сиыр жол үстіне шығып, жол-көлік оқиғасының орын алуына әкеп соққан.

Lada 21214 және Lada 21901 автокөліктердің жүргізушілері сиырға соғылған. ЖКО салдарынан жүргізушілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Екі көлік те зақымдалған. Әрбір жүргізуші келтірілген материалдық залалды өтеу үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну құқығын өзіне қалдырады, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция 64 жастағы ІҚМ иесін анықтап, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Сонымен қатар ол бүлінген көліктер үшін жүргізушілерге шығын төлеуі керек. Айта кету керек, Павлодар облысының аумағында 146 мамандандырылған мал тұрағы жұмыс істейді, онда 17241 бас иесіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары бар.

Барлық иелер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Халыққа сервистік қызмет көрсету шеңберінде Павлодар полицейлері мал басын жаюда бұзушылықтардың жолын кесу үшін тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға