Жаңалықтар

Павлодар облысында опырылған жердегі іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ - әкімдік

Павлодар облысында опырылған жердегі іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ - әкімдік
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 14.01.2024 17:49 514

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Техниканың шұңқырдың түбіне өтуі үшін жолды кеңейту бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Барлығы 150 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Бүгін 13 қаңтарда облыстық ТЖД құтқарушылары топырақ пен тау жыныстарының автобустың орналасқан жеріне түсу ықтималдығын анықтау үшін шұңқырдың түбіне түсті. Топырақтың түсу қаупі әлі де сақталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға