Жаңалықтар

Павлодар облысында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы тойланды

Павлодар облысында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы тойланды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі 27.08.2023 02:28 701

Павлодар облысында белгілі қазақ ақыны, әдебиеттанушы, балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұзафар Әлімбаев «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те Көксерек» және тағы да басқа шығармалары ТМД мен шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жинақтардың авторы.

Павлодар облыстық әкімдік мәліметінше, Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматын өзінің туған жері Шарбақты ауданында еске алды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, Мұзафар Әлімбаевтың кітаптары мен жеке заттары қойылған көрмеге барды.

Мұзафар Әлімбаевтың поэзиясы - классиканың үлгісі ғана емес, сонымен қатар, қазақ тілінің басты қазынасы. Ол «Балдырған» балалар журналының негізін қалап, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Ақынның өлеңдеріне 200-ден астам ән жазылған және олар бүгінгі күнге дейін көпшілікке танымал, - деп атап өтті облыс әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға