Павлодар облысының әкімі жергілікті жауапты мемлекеттік органдардың су тасқыны жағдайына дайындығын тексерді және су басу қаупі жағдайымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тереңкөл ауданында Ивановка, Алтай, Томарлы және Первомайск ауылдарын су басу қаупі бары айтылды. Су тасқынының алдын алу үшін еріген су сорылып шығарылып жатыр. Бөгеттер салынды және судың арнасын бұруға арналған арықтар қазылды. Бұл жұмыстарға барлығы 29 бірлік техника, 17 мотопомпа және 70-тен астам адам жұмылдырылды.
Железин ауданындағы Михайловка және Веселая роща ауылдарында судың арнасын арық қазу арқылы бұруда. Барлығы 6 жедел топ жұмыс істеуде, 60-тан астам техника бар.
Су басу қаупі бар әрбір ауылда су тасқынына қарсы қажетті жұмыстар жүргізілуде, жауапты қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.
Өңір басшысы Асайын Байханов әкімдерге үйлерді су басуға жол бермеуді және жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауды тапсырды.
Павлодар облысында екі аудандағы су тасқыны жағдайы тексерілді
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?