Жаңалықтар

Павлодар облысында дәрігерлер мен полицейлерге жаңа қызметтік көліктер табысталды

Павлодар облысында дәрігерлер мен полицейлерге жаңа қызметтік көліктер табысталды
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 30.08.2023 10:51 578

ҚР Конституциясы күні қарсаңында павлодарлық дәрігерлер мен полицейлерге жаңа қызметтік көліктер тапсырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

31 реанимобиль мен 20 патрульдік көліктің кілтін облыс әкімі Асайын Байханов табыстады. Биыл шалғайдағы ауылдардың санитарлық көліктерін кезең-кезеңімен жаңарту басталды. Бүгінгі таңда аудандардың санитарлық көліктермен жабдықталуы 51%-дан 68%-ға дейін ұлғайды, ал, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. 

Біз ауылдарда шұғыл көмектің жылдам және барынша толық көлемде көрсетілуі үшін жұмыс істеудеміз. Барлығы бір мақсат үшін - денсаулық пен өмірді сақтау үшін, - деп атап өтті өңір басшысы.

Медициналық көліктер Ақсу, Аққулы, Железин, Ертіс, Май, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарының шалғай ауылдарына жіберіледі. Көліктер заманауи портативті медициналық құрылғылармен және науқастарды жатқызып тасымалдайтын орынмен жабдықталған.

Сондай-ақ, «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасын табысты іске асыру үшін заманауи арнайы техникамен, бейнетіркегіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған көліктерді облыстың құқықтық тәртіп сақшылары алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға