Жаңалықтар

Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 29.11.2023 09:39 403

Павлодар облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмыстық топ құрамына жасы 25 пен 35 аралығындағы адамдар кірген. Қазіргі уақытта күдіктілердің бопсалаудың бес фактісіне қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысының аумағында қаруды қолданумен бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді үш қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабтары бойынша жүргізілуде, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Тінту шараларының нәтижесінде қатысушылардан бес атыс және травматикалық қару, қолдан жасалған кастеттер, биталар мен пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді. Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға